Жаркентте Қытайдан келгендерге арналған оқшаулау орталығы бар - әкім

Dalanews 24 ақп. 2020 03:45 213

Бірнеше күн бұрын Қытаймен шекаралас Панфилов ауданында көрші елден келген азаматтарға арналған карантин аймағы құрылып жатқаны жайында әңгіме тарап, халақ алаңдай бастаған болатын.

Осы мәселе жайында Панфилов ауданы әкімі Талғат Өмірәлиев журналситерге түсініктеме берді. Аудан әкімінің түсініктемесі белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Өз кезегінде аудан әкімі:

«Жаркент қаласында 100 адамға арналған арнайы санитарлық оқшаулау орны дайын. Сондай-ақ, қажетті жағдайға деп тағы қосымша 160 орын қарастырылған. Барлық санитар-эпидиомологтар толық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген. Ақпанның 20-нан бастап Қытайдан келген адамдардың барлығы 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған. Қытайдан өткен азаматтар 14 күн жатып шыққаннан кейін де он күн бойы толық бақылауда болады. Сол себепті сақтық шаралары жүргізіліп жатыр» деді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.


Сонымен қатар Жаркенттегі мектеп-интернтқа карнатин аймағы ретінде пайдаланады деген әңгіменің ешқандай негізі жоқ екенін алға тартты. "Мұндай әңгіменің кімдердің тартқанын білмеймін. Біздер Жаркент педагогикалық колледжінің жатақханасын пайдаланамыз" деді.

[video width="220" height="400" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2020/02/87365649_182660523153394_4040345859278241792_n.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x