Қытайлар коронавирусты ауыздықтайтын алып емхананы 20 күнде салмақшы (видео)

Dalanews 25 қаң. 2020 07:01 307

Қытай билігі коронавирусқа қарсы тұру үшін қауіпті індет Ухань қаласында мамандандырылған емхана 20 күнде салуға кіріп кетті,  – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі

Бүгінде Қытайдың Ухань қаласында пайда болған коронавирус жайында дүниежүзінің бәрі хабардар болды.

Қытай билігі қауіпті індеттің алдын алу үшін Ухань қаласында 1000 жатын орынға арналған, аумағы 25 000 шаршы метрді құрайтын мамандандырылған емхананы салуда.

Жағдайдың қауіптілігін ескерген құрылысшылар ауқымды емхананы 20 күнде тапсыруды мойындарына алыпты.

Жоспарға сәйкес, 2 ақпан күні жаңа емхана вирусолог мамандардың пайдалануына беріледі деп күтілуде.

 

https://www.youtube.com/watch?v=rtQiavOEN7E

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x