М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының «МОНОДРАМА» байқауының ережесі

Dalanews 27 там. 2020 16:13 347

 Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- қазақстандық авторларды қолдау;

- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;

- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

  1. Байқауды өткізу мерзімі:


-  пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін  қабылданады;

- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай  жарияланады.

  1. Байқаудың өткізілу тәртібі:


Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- үздік тарихи монодрама;

- үздік заманауи монодрама;

- үздік инсценировкалық монодрама.

*   *   *


    - байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
- байқауға қазіргі  театр талабына  сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар  (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;

- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;

- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);

- монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына «МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА» деген тақырыппен жолдануы шарт;

- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын  Сарапшылар кеңесі сараптайды.

  1. Байқау қорытындылары бойынша:


- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;

- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;

- сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.

Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.

Анықтама үшін: 8 (727) 378-54-00 Қабылдау бөлмесі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x