Back
| DalaNews

Қос азаматтығы бар шымкенттік шенеунік жұмыстан қуылды

Қос азаматтығы болғаны үшін Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Олег Почивалов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов шет мемлекет азаматтығының болуына байланысты 2021 жылдың 25 ақпанынан бастап қызметінен босатылсын, делінген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қол қойған бұйрықта.

Ақпан айының басында спорт басқармасының бастығы Олег Почиваловтың қос азаматтығы (Ресей және Қазақстан) бары анықталды. Ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Почивалов бұл шешіммен келіспей, Шымкент полициясына шағым түсірді. 22 ақпанда сот шенеуніктің бұл талабын қанағаттандырмады.