Cоңғы жаңалықтар
Back
| DalaNews

Балаева Алматыда Қоғамдық бақылау заңын талқылады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысып, көпшіліктің ой-пікірін тыңдады.  

– «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының мақсаты жалпы қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру болуы тиіс деген ортақ пікірге келдік. Ол үшін бірқатар әдіс ұсынылып отыр. Ұғымдық аппаратты анықтау. Атап айтқанда, қоғамдық бақылау, қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілері, қоғамдық бақылау нысандары, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мүдделер қақтығысы және қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар ұғымдары айқындалатын болады, – деді Балаева.

| DalaNewsМинистр атап өткендей, бұл ретте нысанды мемлекеттік органдарды, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, квазимемлекеттік сектор субъектілерін айқындау ұсынылады.

– Субъектілер-корпоративтік қорларды қоспағанда, өздерінің жарғыларына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын және ҮЕҰ дерекқорына енгізілген коммерциялық емес ұйымдар, – деді Аида Балаева.

Жиында министр мақсат пен ұстанымдарды анықтау қажеттілігі туралы да айтты. Бұл ретте адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау; жариялылық, ашықтық, заңдылық қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде қатысу еріктілігі; қоғамдық бақылау жүргізу кезінде қоғамдық бақылау объектілерінің, субъектілерінің де заңсыз араласуына жол бермеу; қоғамдық бақылау субъектілерінің тәуелсіздігі, объективтілігі кеңінен сөз болды.

– Субъектілер мен объектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтау. Мәселен, қоғамдық бақылау субъектілері сарапшыларды тартуға, сараптамалық комиссиялар мен қоғамдық мониторинг топтарын құруға, сондай-ақ ақпарат сұратуға, дыбыс-бейне жазу техникасы құралдарын пайдалануға, бейне және суретке түсіруге, сондай-ақ қоғамдық бақылау объектілерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы болады, – деді Аида Балаева.

Бүгінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін негіздерді белгілеу, оны жүргізу тәртібі және ұсынымдарды қарау тәртібінің негізін қалыптастыру да маңызды. Бұл дайында миниср:

– Мысалы, КЕҰ-ның жеке бастамасы, азаматтардың немесе ұйымдардың немесе объектінің өзі қоғамдық бақылау объектісіне бармай-ақ қоғамдық мониторинг жүргізуге негіз бола алады. Мониторинг қорытындылары бойынша қоғамдық бақылау субъектісі тиісті қоғамдық кеңеске немесе қоғамдық бақылау объектісіне ұсынымдар жібере алады. Қоғамдық тыңдаулар сияқты қоғамдық бақылаудың мұндай нысанын барлық азамат үшін ашық ету және кез келген азаматқа қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша ұсыныстар айту мүмкіндігі ұсынылады, – деді.

| DalaNewsБалаева Алматыға жасаған сапарының басты мақсаты білікті сараптамалық пікірді тыңдау екенін айтты.

– Президент қол қоймаған кез келген заң жобасы тиісті өзгерістерге құқылы екені түсінікті. Сондықтан бүгінгі сапарымның басты мақсаты – білікті сараптамалық пікірді тыңдау. Қоғамдық қатынастар мәселелерінде сізде жеткілікті тәжірибе бар екеніне сенімдімін, – деді министр қатысушыларға.

Тағы оқыңыз:

Балаева: “Канцелярия тілінен арылу керек. Халық мембағдарламаның мазмұнын түсінбейді”