Back
| DalaNews

Алматыда Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері әріптесіне ара түсуде

Алматы қалалық Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Пархад Надыровтың назарына!

Редакциямызға Алматы қалалық Жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері №2  жедел жәрдем станциясының меңгерушісі Сайлаубек Абуовты жұмыстан шығаруға назаразы екендерін білдіріп хат жолдады.

 

Біздің үлкен ұжым сізден біздегі №2 жедел жәрдем станциясының меңгерушісі Сайлаубек Абуовты жұмыстан шығармауды өтінеді.

Бөлімге жетекшілік еткен аз уақыттың ішінде С.Абуов өзін тек жақсы қырынан көрсете білді.

Оның кәсіби өмірі осы саламен тығыз байланысты екенін өзіңіз де жақсы білесіз.

Дәрігерлік қызметті санитарлық жұмыстан бастаған С.Абуов бүгінгі аз-кем жетістігіне өз еңбегімен қол жеткізді.

Одан бұрын біздің бөлімнің меңгерушісін үсті-үстіне ауыстыра беру ұжымның көңіл-күйіне кері әсер етеді. Осыны да ескеріңіз.

Біз Абуовтың өз орнында қалғанын қалаймыз.

С.Абуов келгелі бері уақытта көптеген өзгерістер болды. Біз станциясының күрделі жөндеуі аяқталып, бөлімдегі жиһаздар жаңарды. Ұжымның жұмысқа деген белсенділігі артты. Жұмысқа ерекше ықыласпен, жақсы көңіл-күймен келетін болдық.

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Осы ұжымда араға от салатын адамдар бар екенін кеш аңғардық.

Осыған байланысты қоңырау қабылдайтын маман, диспетчер Э. Бадалбаеваны жұмыстан шығаруды талап етеміз.

Осы азаматшаның кесірінен біздің бөлімге меңгеруші тоқтамай қойды.

2020 жылы №2  жедел жәрдем станциясында үш меңгеруші ауысты.

Мұндай жағдайда өз жұмысыңа көңіл қойып істеу мүмкін емес.

Біз Абуовтың орнында қалғанын қалаймыз. Бұл әділетті шешім деп есептейміз.

Ал фельдшер Махамбетовке қатысты айтарымыз, ол бұған дейін өз кәсіби міндетін орындамағаны үшін, яғни біліксіздігі үшін жұмыстан қуылған болатын.

Хатқа №2  жедел жәрдем станциясының барлық мамандары қол қойған.