Back
| DalaNews

Жоғарғы мүфти: “Карикатура? Түкке тұрғысыз нәрсеге бола жінігіп жүрсіздер”

Ресейдің Жоғарғы мүфтиі Талғат Таджуддин Мұхаммед пайғамбар карикатурасын «түкке тұрғысыз» деп атап, сол үшін соғысуға болмайды деп мәлімдеді. Мүфтидің айтқандарын РБК жариялады.


«Түкке тұрғысыз нәрсеге бола соғыс жариялауға болмайды. Құдай да, оның үмбеттері де бұны қаламайды», – деп мәлімдеді муфти.

Оның атап өткеніндей дін адамды тура жолға бағыттау үшін беріледі. Бұл өмірде бейбітшілік пен татулық орнату діннің басты ұстанымы. 

“Жарайды, әлгі адамды дұшпан санап, соғыс жарияладың делік. Содан не ұттың? Одан бұрын бір емес, бірнеше миллион адамның қарғысына қалған қарсы тарап өзін қалай сезінеді? Дін жолын қуған әрбір адам мұны алдымен ар-ұят тұрғысынан бағамдап, ашуды ақылға жеңдіруі керек. Сонда ғана бақ-береке орнайды. 

Таджуддин арандатуға арбалып қалмауға шақырды. 

“Осыдан алты-жеті бұл бұрын дәл осындай дау болды. Батыстағы бірнеше ел пайғамбардың суретін салып, соңы айғай-шуға ұласты. Батыс елшіліктеріне шабуыл жасалды… Француз елшілігінің алдына тағы да нөпір адам жиналыпты. Неге? Не үшін”, – дейді Талғат Таджуддин. 

Бұған қоса, ол Шешенстан мүфтиінің айтқандарының оның жеке пікірі деп санайды. Бұның алдында шешен мүфтиі Франция президенті Эммануэль Макрон мен француздарды барша мұсылманның жауы деп мәлімдеген.

“Мұхаммед пайғамбар өз уағызында кек алу өсиет еткен жоқ, керісінше кешіре білуді жоғары бағалады. Сондықтан біреуді жау деп жариялау Исламның құндылығына қайшы”, – деді ол. 

Биыл 16 қазанда Парижде шешен ұлтының өкілі француз мұғалімін жауыздықпен өлтірген. Мұғалім Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарға салған карикатурасын сөз бостандығы туралы сабақта оқушыларға мысал ретінде көрсеткен. Франция президенті Макрон мұндай карикатураларға тыйым салуға қарсы шықты.