Back
| DalaNews

Кафелерде адам құжынап жүр. Бес уақыт намаздың жамағатпен оқылуына рұқсат берілу керек

Дінтанушы, Ұлттық кеңестің мүшесі Қайрат Жолдыбайұлы жұма намазынан тыс қалған бес уақыт намаздың жамағатпен оқылуына рұқсат берілуі керек деп есептейді.


Ол сақтық шарасының сақталуын мешіт қызметкерлерінің ойдағыдай орындарына сенімді.

“Мешіттер бүгін ашылғанымен тек жекелеген адамдар ғана намаздарын оқи алады.

Меніңше адам көп жиналатын жұма намазынан тыс қалған бес уақыт намаздың жамағатпен оқылуына рұқсат берілуі керек. Ең болмаса мешіттің ауласында оқуға болады.

Сақтық шараларының сақталуын имамдар өз міндетіне алатындығына күмән жоқ. Базарға, сауда орталықтарына, кафе-мейрамханаларға рұқсат берілгелі қашан?! Адам құжынап жүр. Көпшілігі сақтық шараларын сақтап та жатқан жоқ”,  – дейді Қайрат Жолдыбай.

Айта кетелік бүгіннен бастап қазақстандықтар 31 тамыздан бастап мешіттер мен шіркеулерге бара алады. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов хабарлаған. 

“31 тамыздан бастап діни объектілердің қызметін қайта бастау туралы шешім қабылданды: жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді”, – деп жазды Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Айта кетейік, мешіттер мен шіркеулер коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында карантинге жабылған болатын.

Мамыр айында карантин жеңілдетілгеннен кейін діни нысандар аз уақыт жұмыс істеді. Шілдеде карантин тағы да күшейтілді.

14 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құзырлы органдарға мешіттерді карантин талаптарын сақтай отырып қайта ашуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, карантинге байланысты 2020 жылы Құрбан айт мерекесін онлайн режимінде өткізуге шешім қабылданған болатын. Ол 31 шілдеде басталып, үш күнге созылды. ҚМДБ құрбан шалуға онлайн тапсырыс беруге арналған сайт ашты.

Тағы оқыңыз:

Жаңа оқу жылы қарсаңында Талдықорғанда 288 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Мәшһүр Жүсіп кесенесінің жанынан өткен жемқордың көлігі аударылып қалды