Cоңғы жаңалықтар
Back

Бұл туралы аймақ басшысы мәлімдеді. Айта кету керек, Даниал Ахметов бүгін кезекті рет Зырян ауданына ат басын бұрып, жағдайды жеке өзі бақылап қайтты. Қазіргі таңда мұндағы тоғыз елді мекенде судың беті қайтып, деңгейі түскен.

Наурыз айынан бері Шығыс Қазақстан облысын су тасқыны жан-жақтан қыспаққа алғаны белгілі. Осы бір айтып келмейтін апат шығысқазақстандықтардың береке-бірлігін арттыра түскеніне куә болдық. Осындай сын сағатта көршілер бір-біріне көмек көрсетіп, бейтаныс адамның өзге біреу үшін басын бәйгеге тікті. Бұдан асқан адамшылық қасиет бар ма?

Зырян ауданында жаңбыр көп жауып, оған еріген қардың суы қосылып біраз үйді су басты. Осындай қиын жағдай қалыптасқаннан кейін ауданда төтенше жағдай жарияланып, өңір басшысы Даниал Ахметов апатты аймаққа арнайы келіп, тасқын судан зардап шеккен халықпен кездесті.