Back

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Алматы облыстық туры жеңімпаздары марапатталды. Өз балаларымен қатар қазақ, орыс, неміс ұлттарының 7 перзентін бауырына басып отырған Кәрібаевтар отбасы мен меценат, заңгер, білім саласының үздігі Рахымбековтар отбасы бірінші орын иегерлері атанды.

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың еңселі ескерткіші ашылды. Оның салтанатты ашылуына аудан жұртшылығы мен ардагерлері қатысып, облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұлы Жеңіс мерекесі күні Талдықорған қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің бойымен орталық алаңнан «Жастар» мәдени-демалыс саябағына дейін «Жаужүрек полк» колоннасымен жүріп өткен мыңнан астам талдықорғандық майдангерлерді құрметпен еске алды.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері Әбіш Ошақбайұлы, Алтынай Есболатова, Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың үйлеріне арнайы барды. Ардагерлерді құттықтап, гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғанда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ерекше байқау ұйымдастырылды. «Өзгелер» деп аталатын сайыста қатысушы ұл-қыздардың өнер-білімі, мүмкіндігі бағаланды. Іріктеуден іркілмей өткен 10-ы финалдық бәсекеде бақ сынасты.

Жетісу өңірінде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен «Алматы облысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы» әзірленіп, Карта бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл құжатта Мемлекет басшысының  тапсырмаларын тиімді орындаудың нақты жоспарлары белгіленген, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Ақсу ауданында 34 үй қолданысқа беріледі. Мұнымен қоса екі мектеп күрделі жөндеуден өтіп, ауданда  үш шағын орталық және  спорт кешені салынбақ. Бұл жайында Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында айтылды. Өткен жылды қорытындылаған Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев сонымен қатар үстіміздегі жылдың тың жоба-жоспарларымен де бөлісті.