Cоңғы жаңалықтар
Back

Бүгінде білім саласындағы қолға алынған істердің астарына үңілместен түрлі сыни-пікір айту әдетке айналғаны жасырын емес. Осы ретте «Қала мен Дала» газеті оқырмандарының көкейіне жинақталған сұрақтарды жүйелеп, еліміздің білім беру саласында ұзақ жыл жұмыс істеп, Білім және ғылым вице-министрі қызметіне дейін көтерілген, бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ректоры қызметін абыроймен атқарып отырған білікті басшы Такир Балықбаев мырзаға қойған едік.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бірнеше жылдан бері еліміздегі маңдайалды оқу орындарының басшылары қоғам алдында есеп беріп, көпшіліктің сұрағына жауап қайтарып келе жатқаны белгілі. Жақында еліміздегі Жоғары оқу орындарының қара шаңырағы, еңселі білім ордаларының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор  Такир Балықбаев «Ғылым ордасының» үлкен мәжіліс залында жұртшылық алдына шығып, университеттің 2016-2017 оқу жылдары аралығында атқарған қызметінің қорытындысы және алдағы даму перспективасы туралы есепберді. Осы ретте есепті кездесуге университет оқытушылары мен студеннттері, ата-аналар мен көпшілік қауым, сондай-ақ  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.