Cоңғы жаңалықтар
Back

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 116 көпқабатты үй яғни 6000 пәтер пайдалануға беріледі. Ал, жалпы өңірде 263 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.