Back

Астана ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесі аясында еліміздің және шетелдің туристері әртүрлі павильондарға барып, олардың «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы ұсынған технологияларына әртүрлі баға беруде. Солардың ішінде дамыған елдердің павильондарына қызығушылық күн санап артып келеді. Айталық, Жапония павильонына көрменің алғашқы күндері күнделікті 6000 адам кірсе, тамыздан бастап бұл көрсеткіш өсе түскен. Қазір күнделікті кемінде 8000 адам кіреді дейді ұйымдастырушылар.