Back

Мақтарал ауданындағы ең даулы мәселе өз шешімін тапты. Кеше «ҚазМақта» АҚ жыл бойына еңбектеніп еккен мақта өнімін өткізген 307 шаруадан 323,4 млн теңге қарыз болған берешегінен толық құтылды. Кезең-кезеңімен қарызын бөліп төлеген завод бүгін соңғы қалған 113,7 млн теңгені 44 шаруаға төледі, – деп жазады Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.  

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен  жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып  келеді.   

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен аймақтағы шаруаларды кәсіпке