Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген отбасыларды ол жақтағы ағайындардың тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін 2017 жылы демеушілер есебінен 35 отбасыға автобус жалдап апарып, көрсетіп қайтқаны есімізде. Бүгінде бұл жобаның нәтижесі көңіл қуантады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бумпром» ЖШС қағаз қалдықтарынан картон шығару ісін жандандырып келеді.  2016 жылы  жылы іске қосылған жобалардың бірі «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 4 мың,  ал айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы.  Бүгінде мұнда 30  адам жұмыспен қамтылған.

Аягөздің жағдайы айтпаса да түсінікті. Мұқағали жырлаған «аядай бұлақтың» аяқ астынан тулап, арнасынан асып кетуі ағайын-жұртты әбігерге салып-ақ жатыр. Елдің береке-бірлігі осындайда көріне ме деймін. Қарапайым халық та, қалталы кәсіпкер де, мемлекеттік қызметші де қолдан келгенін аянып қалып жатқан жоқ. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен бұдан бірнеше күн бұрын Өскеменде гуманитарлық бекеттер ашылған-тын. Ол жерге азық-түлік пен өзге де керекті заттар толассыз келіп түсуде.

Өскеменде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз өнімдері» көрмесі өтті.