Back

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды.