Талдықорған әкімдігіндегі дау: Тутубаев кімді ұрды?
Талдықорған әкімдігінде келеңсіз жағдай болды. Қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаев төбелесіпті. Әкім Асқар Тутубаевтың аты бұған дейін де баспасөзде жиі аталған болатын. Оның Қытайдан келген этникалық қазақ Қонай Масипханды ақшамызды алып, қайтармай жүр деп інісі арқылы сотқа бергені хабарланған. Кәсіпкер болса інісі Бақытбек Тутубаев тергеу изоляторында ұрып, қорқытып қолхат жаздырып алғандығын айтады. Сондай-ақ, Тутубаевтар өзін түрмеге отырғызамыз деп қоқан-лоқы жасап, үнемі қысымға алатындығын, екі жыл бойы паспортсыз Алматыда жүргенін айтқан болатын. Бұл іс қазір бұрынғы терегу кезіндегі заңсыздықтарға байланысты Іле аудандық полициясына қайталай тергеуге жіберілген. Қонай Масипхан мен Тутубаевтар арасындағы сотты Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың өз назарына алатыны белгілі болған еді. Енді мына дау шықты...
Жеке басымның амандығы үшін алаңдаймын
ҚР Ішкі істер министрі Қ. ҚАСЫМОВҚА, ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім МӘСІМОВКЕ, ҚХР-дың
Кәсіпкерді тергеу барысындағы түсініксіз жайттар сөз болды
Бүгін Алматы облысы Іле аудандық сотында кәсіпкер Қонай Масипхан мен