ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті таудағы қауіпсіздікті сақтауға шақырды
Оңтүстікте жыл басынан бері құтқару жасағының қызметкерлері таулы өңірлерге 3 рет іздестіру-құтқару жұмысына шығып, 5 адамға көмек көрсетті. Өткен жылдың осы мезгілінде құтқарушылар 7 шақырылымға барып, 12 адам құтқарылған болатын. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Талғат Байсариев мәлімдеді.
Оңтүстікте Кәсіподақтар бірлестігі 8 мамандық бойынша 200 адамды оқытатын болады
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқытылатын болады. Онда 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлім етті.
Биыл Отырар ауданы алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізеді
Жыл басында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ауылдардағы мамандарға жағдай жасау мақсатында аудан, қала әкімдеріне қызметтік тұрғын үйлер салуды жүктеген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Отырар ауданында 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің құрылысы жүргізілуде. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде журналистер осындай жұмыстардың куәсі болды.
Оңтүстікте үшем дүниеге келді
Оңтүстікте өмірге тағы да үшем келді! №4 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 2 келідей салмақпен туылған сәбилерді күтіп, баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Үш ұл баланың анасы – Қарлығаш Қабылова наурыздың 28-і күні ота жасалған. Маниевтер әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата-әжелері ырымдап Мүслім, Ислам және Имран деген ат қойған екен.
Оңтүстікте эпизоотиялық ахуал қалыпты деңгейде
Оңтүстік Қазақстан облысында бекітілген жоспарға сәйкес жануарлар арасындағы аса жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша вакцина егу және аллергиялық тексерулерге қажетті дозалар уақытында жеткізіліп, алдын алу жұмыстары мерзімінде орындалуда. Бүгінгі таңда облыс көлеміндегі эпизоотиялық ахуал тұрақты дейгейде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Сейілбеков Тілләбек мәлім етті.
Оңтүстікте «7-20-25» жүйесі бойынша өтініш қабылдау биыл басталады
Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» мәселесі көтерілді. Осыған орай Ұлттық Банк «7-20-25» формуласы бойынша бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Ол көпшілік үшін түрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жүйемен ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығынан бастап баспана алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті.
Оңтүстік биыл медицина саласында 100 пайыз ақпараттық жүйеге көшеді
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйемен қамтамасыз
Қоқысты сұрыптайтын зауыттар қарқынды жұмыс істеуде
Елбасының биылғы Жолдауында қалдықтарды қайта өңдеп, халық игiлiгiне жарату –
Оңтүстікте заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы мобильдік топтар құрылды
Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысының тапсырмасына орай облысаралық және халықаралық
ОҚО-да биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен 730 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады
Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 721,1 мың
Оңтүстікте көлік жолдарын жөндеу 58,5 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға жергілікті
Шымкентте Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болады
Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев