Back

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ә.Бектұрғанов, Ж.Нұрмағанбетова, Б.Хаменова, А.Тасболатов, Н.Жұмаділдаева және «Нұр Отан» партиясының «Білім» бағыты бойынша Комиссияның хатшысы Ш.Лепсибаевпен кездесті. Бас қосуда Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуіндегі еліміздегі білім сапасын жақсартуға байланысты қойған тапсырмасын орындау жайы талқыланды.

Жақында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің жүзеге асырылуын талқылау, студенттердің жатақханадағы әлеуметтік жағдайымен танысу және үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты бойынша ашық пікір алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық Кеңесі өкілдерімен кездесу өтті.

Аягөздің жағдайы айтпаса да түсінікті. Мұқағали жырлаған «аядай бұлақтың» аяқ астынан тулап, арнасынан асып кетуі ағайын-жұртты әбігерге салып-ақ жатыр. Елдің береке-бірлігі осындайда көріне ме деймін. Қарапайым халық та, қалталы кәсіпкер де, мемлекеттік қызметші де қолдан келгенін аянып қалып жатқан жоқ. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен бұдан бірнеше күн бұрын Өскеменде гуманитарлық бекеттер ашылған-тын. Ол жерге азық-түлік пен өзге де керекті заттар толассыз келіп түсуде.