Cоңғы жаңалықтар
Back

Атышулы Ninety one тобы солисінің ата-анасы әйгілі «Музарт» тобының әншілері – Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевке ашық хат жолдады. Олар хатта 91 тобына сын айтып қана қоймай, оларды тәрбиелеген ата-анасына тіл тигізген Сәкен мен Мейрамбекке ренжулі екендерін жазған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншілер арасында «Ninety One» тобын сынау міндетті дүниеге айналып бара жатқан сияқты. Бұдан бұрын аталған топты сынға алған Асхат Тарғынов пен Сәкен Майғазиевтің қатарына енді Бағлан Әбдірайымов қосылыпты.