Back

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі халықаралық көрмені 1 қарашаға дейін ұзартуды сұраған астаналық кәсіпкерлердің үндеуіне жауап берді. Ол «көрмені ары қарай созудың қажеті жоқ» деп түсіндірді. Бірақ «Нұр әлем» елімізге және Астанаға келген қонақтарға туристік нысан ретінде қызмет көрсететін болады. Оның аты «Болашақтың музейі» деп өзгертіледі. Бұл туралы «ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов баспасөз өкілдерімен кездесуінде айтты.

ЭКСПО көрмесін тамашалаушы туристер барлық павильондарды түгелдей аралап шыға алмайды. Ол үшін кемі екі-үш күн бойы аралау керек. Дегенмен, туристердің қызығушылығын тудырып, әсемдігі мен ұсынылатын мазмұны арқылы елге ұнаған павильондар жетерлік. Олардың алғашқы ондығының көшін «Нұр Әлем» бастап тұр.