Мақтаралда халықты жұмыспен қамту бағытында нәтижелі шаралар атқарылуда
Бұл туралы Мақтарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Оразхан Дәндібаев мәлім етті.
Мақтаарал ауданы сыни материалдарға зерделеу жүргізіп, дер кезінде жауап беруде
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы – аудан әкімінің баспасөз хатшысы Д.Аязбеков БАҚ пен әлеуіметтік желілерде жарияланған сыни материалдар туралы баяндады.
Мақтаралда “Мерейлі отбасы” жеңімпаздары анықталды
Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев "Мерейлі отбасы – 2018" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Серікбаевтар отбасының отағасы Сапаралы Серікбаевты қабылдап, арнайы құттықтады.
Биыл Оңтүстік алғашқы қарбыздарын Якутияға жіберді
Биыл Мақтарал ауданында бақша өнімдері былтырғыдан 10-15 күн бұрын ерте пісіп, диқандар алғашқы қауын-қарбыз өнімдерін көршілес Ресей мемлекетіне жөнелте бастады. Қарбыздан алғаш боп өнім алғандардың қатарында "Әбіш-ата" шаруа қожалығы да бар. Бір күнде 20 тонна өнімін саудалаған аталған қожалық биыл 3 гектар жерге қарбыз егіп, гектарына 30 тоннадан өнім алуды жоспарлап отыр.
Мақтарал ауданының индустриалды аймағында алты жоба іске қосылды
Ағымдағы жылы Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мақтарал ауданының Мақтарал ауданы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.
Мақтаралда Б.Жаңбырбаев атындағы халықаралық туринир өтті
Мақтарал ауданында төл спортымыз – қазақ күресінен дүбірлі дода өтті. Жыл сайын өтетін Бақытжан Жаңбырбаев атындағы халықаралық ХXІV ашық турнирге Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген балуандармен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген балуандар қатысып, екі күн бойы белдесті.
Мақтаралдық шаруалар қырыққабат егуді бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қырыққабат дақылын егу науқаны басталды.
«Өрлеу» жобасы – мақтаралдықтардың табысы 3 есеге арттырды
Мақтарал ауданында «Өрлеу» жобасының арқасында кәсібін ашып, әлеуметтік жағдайын түзеп
Мақтаралда 794 шаруашылық кооперативке бірігіп жаңа 12 тракторға қол жеткізді
Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі "Береке-мақта" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі биыл толағай табыстарға кенеліп отыр. Олай деуге негіз де жоқ емес.
Оңтүстік Қазақстанда мақта терімі басталды
Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ақ алтынды жинауды Мақтарал ауданындағы Атамакен, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Қызылқұм, Жамбыл және Қарақой ауылдарындағы ұсақ шаруа қожалықтары бастап кетті.
Мақтарал ауданында бастауыш сынып оқушыларының 75%-ы демалыспен қамтылды
Мақтарал ауданында "Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі" атты педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева, аудандық "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев қатысты.
Мақтаралдық шаруалар 2766 тонна жеміс пен жүзім жинады
Мақтарал ауданында қазіргі таңда жеміс-жидек пісіп жетіліп, диқандар өнім жинау кезеңін бастап кетті. Олар жалпы көлемі 1005 гектар жерге егілген жеміс-жидек пен жүзімнен бүгіннің өзінде 2766 тонна өнім жинады. Диқандар отандық нарықты қамтамасыз етумен қатар жеміс-жидектерді шетелдерге экспорттауда.