Жетісуда «Жаужүрек полк» шеруінде жүріп өтті
Ұлы Жеңіс мерекесі күні Талдықорған қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің бойымен орталық алаңнан «Жастар» мәдени-демалыс саябағына дейін «Жаужүрек полк» колоннасымен жүріп өткен мыңнан астам талдықорғандық майдангерлерді құрметпен еске алды.
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс және еңбек ардагерлері үшінсалтанатты қабылдау өткізді. Оған 200 ардагер шақырылды. Құрметті қонақтардыТалдықорған әскери гарнизоны оркестрінің әскери маршымен қарсы алып, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Фойеде ардагерлерге арналған фотостудия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік билігі ардагерлерге 226 мың теңгеден көмек көрсетті
Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай соғысқа қатысушы