Ресейлік БАҚ: «Назарбаевты тоқтатар адам табылмай тұр»
Ресейлік БАҚ-та кешелі бері маза жоқ. Шала-бүлініп жатыр. Ақпараттық соғыста әбден төселген Кремльдің «қолшоқпарлары» Назарбаевты не түлен түрткенін түсінбей дал. Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді тапсырған-тұғын. Соған сай алдағы жылдан бастап мектептерде латын қаріп үйрету үшін мамандар әзірленіп, жаңа оқулықтар шығару жолға қойылмақшы.