“Қазақтың сөзі көп”. Кинопрокатшылар фильмді қазақша сөйлетуге қарсы шықты
Шетелдік фильмдер тұтас мемлекеттік тілге тәржімалансын деген депутаттардың бастамасы оларды, тіпті, шошындырып отыр. Өйткені ондай киноның қалада көрермені жоқ екен. Қазақ тілді қауым, көбіне, ауылдарда деп сылтауратқандар қарапайым аударманы да «қазақтың сөзі көп» деп ауырсынуда.