Back

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын ГЭС-і жұмысшыларының айлық жалақысын, зейнетақы және

Оңтүстік Қазақстан облысындағы биік таулы аймақтарында 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал олардың еруінен құралатын Өгем өзенін үш ауданда тұратын 700 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келіссөздер жүргізіліп, суды бірігіп пайдалануға қол жеткізілген болатын. Ендігі мәселе – ауыз су тартуға бағытталған жобаны іске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. Бүгін бұл туралы 3340 - 3500 метр биіктіктегі Өгем жотасының Ақсу тауындағы өзен сулар мен мұздақ көлдердің жағдайын тікұшақпен шолып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.