Back

Астана экономикалық форумының қарсаңында Берлин Еуразиялық клубының 23-отырысы «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы – Неміс орта бизнесінің мүмкіншілігі ме?» атты басқосу болып өтті. Іс-шараны «Kazakh Invest» пен Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі ұйымдастырды.

Қазақстанда роботталған жүйені қолданған тұңғыш хирургиялық операция Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада жасалды. Бұл – тіпті елімізді қойып, Орта Азиядағы осындай бірегей операция. Отандық медицина тарихында айтулы рөлі бар бұл оқиғаға дайындық көп уақыт бұрын басталған болатын.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық «Tree Energy» ЖШС-нің басшысы Жанболат Мұзбаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар  баламалы энергия көздерін ауыл шаруашылығы саласына кеңінен қолдану аясында әңгіме өрбітті.