Back

Таяуда «Central Asia Monitor» газеті журналисі Сәуле Исабаева мен журналист Арман Құдабаевтың «Казахский национализм: на смену «романтикам» приходят «бунтари»?» деген сұхбаты түрлі ойға жетеледі. Кез келген адам материалмен танысқанда сұхбат алушы мен сұхбат берушінің де қазақ тілін білмейтін, типичный «қала қазақтарына» ұқсатар еді. Әу баста бұл сұхбатты орыстілді журналист алған шығар деген оймен, тұтас газеттің бетін алып жатқан материалдың соңына көз жүгірткенімде сұхбат алушы журналистің есім-сойы – Сәуле Исабаева екенін көрген соң, қала қазақтарының қазақ ұлтшылдығын қалай тәспірлейтіні мені қызықтыра түсті.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім Abai.kz порталына өте тұшымды сұхбат беріпті. Солтүстіктегі ахуал, бұ жақтағы қазақ тілінің жағдайы туралы айтыпты. Көшім бар, Жұмалы бар, Сарым бар тағы басқа азаматтар осымен төртінші жыл еліміздегі орысы көп шоғырланған елді мекендеріне барып, мемлекеттік тілге қатысты жиындар өткізуде екен.

Біз мәдениетті, дәлелді пікірталасқа қашан жетеміз? Abai.kz сайтында жарияланған мақаласында белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім ортаға осындай сауал тастапты. Осы арқылы ол Білім министрлігінің төңірегіндегі дау-дамайға қатысты ой-пікірін білдірген екен. Сонымен, Көшім не дейді? 

Жерді жалға алған Қытай азаматтары ертең қазақ қызына үйленіп, осы арада мәңгіге қалып, ақыры жеріміздің меншік иесі болып шыға келеді деген қауіп бар. Kaz.365info.kz cайтының тілшісі Кәмшат Сәтиева зерттеп-зерделеген сауатты дүниені сіздерге де оқуға ұсынамыз. 

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім мектептерге үштілділікті енгізу реформасын орыс тілін сақтап қалу мақсатында жасалып отырған технология екенін айтты.