Back

Герольд Бельгер, өмірінің соңында күнделік жазумен айналысты. Күнделігін қазақтың өміріне, дүние танымына, әлеуметтік және рухани танымына арнады. Түркістан басылымы Гер-ағаның әркезеңдегі тілші қауымға берген сұхбатының арасынан іріктеп, тұшымды ойларын бір арнаға топтастырған екен. Көзі қарақты оқырманды толғандыратын мақаланы жариялауды жөн деп таптық.

Түркістан облысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлес салмағы өте жоғары. Қазіргі уақытта осы санатқа 359 мыңға жуық адам кіреді. Бұл дегеніміз – жұмысбасты адамдардың 46 пайызы.

Түркістан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген отбасыларды ол жақтағы ағайындардың тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін 2017 жылы демеушілер есебінен 35 отбасыға автобус жалдап апарып, көрсетіп қайтқаны есімізде. Бүгінде бұл жобаның нәтижесі көңіл қуантады.

Алматыдағы тау-тастары фашистік свастикаға толып кетіпті. Шыңға өрмелеген туристер де фашистік белгіні көп жерден көріп көңілдері түскенін айтуда. Ал бұл сорақы таңбаларды тастарға кімдердің салып жүргенін анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Адамдар жиі жүретін жерлердегі суретті альпинистер өшіріп, оны гүл немесе терезе қылып түзетумен әлекке түсіп жүр екен.