Back

Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» серіктестігінің жұмысы күн өткен сайын қарқын алып келеді. Көкөністерді консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.

Таяуда Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан баяндама жасап, қаладағы шағын және орта бизнестің даму жайында айтып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өткен жылы 985 млн. теңгеге 25760 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы бұл меже артығымен орындалатын болады. Биыл жеке сектордан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлерден 5900 шаршы метр пәтер ел игілігіне беріледі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Құны 506 млн теңге болатын жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған.  Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.