Back

Алматы облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасы бойынша оқыту басталды. Жалпы 16 аудан бойынша бірінші ағымда 864 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылмақшы. Жобаның басталуын әсіресе, Алматы облысының шалғай ауданынындағы ауыл азаматтары ерекше күткен болатын. Себебі, жобаға қатысу даму жолдарын анықтау мен бизнес идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді.