Back

От тілді журналист, марқұм Батырхан Дәрімбет бұл мақаласында тәуелсіздіктің елең-алаңындағы саяси ахуалды боямасыз баяндайды.

Редакциядан: Танымал журналист Батырхан Дәрімбет Қазақстанның қорғаныс саласы, соның ішінде қару-жарақ ісіндегі сорақы жайттарды әшкерелеген бұл мақаланың жазылғанына 20 жылға жуықтапты. Күні кешегі Арыстағы апатпен сабақтастырсақ, әлі де болса көкейтесті. Оқи отыра одан беріде отандық қару-жарақ ісіндегі былық пен бейберекеттің көбеймесе, азаймағанын аңғарамыз.  

1990 жылдың 30 маусым мен 1 шілде аралығында Жазушылар Одағыныц ғимаратында өткен Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысыныц алғашқы құрылтайы Қазақстанда 20 ғасыр басында құрылған «Алаш» партиясынан кейін тағы да, бір ұлттық бағыттағы саяси күштің өмірге келгенін баршаға паш еткен еді.