Back

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша ең белсенді облыстардың бірі.  Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардың өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Ең бірінші себеп – бұл кепіл мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - мен келіссөз жүргізіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ.