Back

Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажет. Сондықтан ақ ұлпаның жаңа сорттарын шығарып, оны өндіріске ендіруіміз керек. Бұл тұста «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының қосар еңбегі орасан, – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтаарал ауданындағы «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтының жұмысымен танысу кезінде.