Back

Редакциядан: Қазақ ұлтшылдығы кімге күн көрсетпей жүр?Кімге тізесін батырды ол осы күнге дейін? Жоғалтқанын түгендеп жатқан жоқ па, түптеп келгенде? Оны құбыжыққа қылғысы келетіндердің түпкі  ойы неде? Қазақ ұлтшылдығының саяси күшке ұласуы кімге қауіп, кімге қатер?

Таяуда «Central Asia Monitor» газеті журналисі Сәуле Исабаева мен журналист Арман Құдабаевтың «Казахский национализм: на смену «романтикам» приходят «бунтари»?» деген сұхбаты түрлі ойға жетеледі. Кез келген адам материалмен танысқанда сұхбат алушы мен сұхбат берушінің де қазақ тілін білмейтін, типичный «қала қазақтарына» ұқсатар еді. Әу баста бұл сұхбатты орыстілді журналист алған шығар деген оймен, тұтас газеттің бетін алып жатқан материалдың соңына көз жүгірткенімде сұхбат алушы журналистің есім-сойы – Сәуле Исабаева екенін көрген соң, қала қазақтарының қазақ ұлтшылдығын қалай тәспірлейтіні мені қызықтыра түсті.