Cоңғы жаңалықтар
Back

Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Н.Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Осы игілікті шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев мектеп ұжымы мен барша оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу ғимаратынан заман талабына сай саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді.