Back

Арыс қаласындағы 646 отбасы «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, пайдасын көруде. Олар осы жоба арқасында жеке іс ашып, өздерінің шағын кәсіптерін өрлетуде. Осылардың бірі көпбалалы ана Оразкүл Ақжігітова. Ол отағасымен бірге өткен жылы мемлекеттен 265 332 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек алып, пластиктен есік, терезе жасайтын құрал-жабдық сатып алып, кәсібін ашты.