«Айрылысар дос ердің артқы қасын сұрайды» деген осы шығар…
Жазушы Дидар Амантай кеше Фейсбук әлеуметтік желісінде тосын бір «мәлімдеме» жасады. Жазушы өзінің жеке аккаунтында «Мен Abai.kz порталының құрылтайшыларының бірі едім. Дәурен Қуат еншімді бермей, мені құрылтайшылықтан шығарып жіберіпті» деп жазды. Дидардың бұл жазбасы бізді біраз абдыратып тастады, сосын мәселенің мән-жайын білмек болып Дәурен Қуатқа хабарластық.
«Абай» порталы – абайшыл, алашшыл басылым!
Abai.kz порталының ұлттық баспасөз айдынына енгеніне 7 жыл толыпты. Ғаламтор