Back

Оңтүстік Қазақстан облысында Президенттің «БЕС әлеуметтік бастамасы» жүзеге асырылып келеді. Оңтүстік Қазақстан –республикада Адами ресурсқа бай, демографиялық өсу қарқыны жоғары өңір. Сондықтанда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беретін Елбасының бастамасын оңтүстік халқы ерекше қуанышпен қабылдады.

Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» мәселесі көтерілді. Осыған орай Ұлттық Банк «7-20-25» формуласы бойынша бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Ол көпшілік үшін түрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жүйемен ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығынан бастап баспана алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті.