Back

Күні кешегі Президент сайлауының үміткері Әміржан Қосанов қағидалары мен ұстанымдарынан қайтпайтынын тағы бір рет қайталап айтыпты. «Мен көшеге шыққанда маған еріп шығатын 10 мың адамның 100-ін бұл билік аямай, қырып салатын еді...», – дейді саясаткер.

Қосановтың айтқанына қосылғаннан басқа алып қосарымыз жоқ. Қазақтаймсқа сұхбат берген саясаткер қазіргі жағдайымызды қалай бар солай сипаттап беріпті.  Қазіргі күйіміз қандай сонда? Кетеуіміз кеткен. Халық «Хабардың» сыңаржақ ақпаратына алданудан қалған әлдеқашан. Халық бүгінмен өмір сүргісі келеді, халық бүгін жақсы өмір сүргісі келеді. Солай. Әміржан Қосановтың сұхбатын ықшамдап ұсындық.