Back

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ЮНЕСКО Бюросының директоры Криста Пиккат, мәдениет жөніндегі маманы Айгүл Халафова және туризм жөніндегі сарапшы Бақыт Оразымбетовамен кездесті. Басқосуда тараптар екі жақты байланысты нығайта отырып, өңірдегі туризм саласын дамыту жайын ақылдасты.

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 128 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.