Back

"Астана" концерт залында тұңғыш рет Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріне қалам тартқан елге белгілі ағайынды композиторлар Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың "Әзірет қонған Түркістан" концерті өтті.

Астана концерт залының фойесінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Елбасы және Түркістан» көрмеге қорық-музей қорынан 60-тан астам жәдігер қойылып, үш бөлімге топтастырылды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Ғани Мұратбаев және Ататүрік мектептерінде «Аты аңызға айналған Қожа Ахмет Ясауи» дәрісі өтті.