Back

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді цифрландыру ісіне баса мән бергені белгілі. Денсаулық сақтау саласының қызметін цифрландыру саланың жұмысының жандануына септесетіні айтпаса да түсінікті. Бұл бағыттағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында қызу қолға алынып жатыр.