Back

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазығұрттық шаруалар жемістің әр гектарынан 20 тонна өнім алды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы  БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 128 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі өтуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға арналған шараның мақсаты -  Астана қонақтары мен жұртшылығын Оңтүстіктің тарихи шежіресімен шығармаларымен таныстыру.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен түркиялық «DOGUS» Constraction компаниясы арасында «Өгем» өзенінің суын бұру мақсатында ынтымақтастық меморандумы түзілді. Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, одан кейін жобаның техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстарының кезеңдері басталады.