Back

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті. Фестивалге ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, мәслихат депутаттары, облыс ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және туризм саласындағы кәсіпкерлер мен туристтік компаниялар, шетелдік қонақтар, фестивалге қатысушы қылқалам және фото суретшілер мен ақындар және жастар қатысуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында күллі түркінің ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні ерекше өтті. Тіршілік, өмір бастау алған аңыз бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауының баурайында тойланды. Наурызды асыға күткен жұрт жүздесіп, мәз-мейрам болысты. Күн мен түннің теңеліп, елдің қуанышқа кенелетін мерекеде 40 шақты киіз тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды.

Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Алдымен Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады.  Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнімкөлемі жыл сайын артып келеді. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340,5 млрд. теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.