Back

Шымкент қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілді.  Мерекелік шараның шымылдығы  «Ashyq El» атты театрландырылған музыкалық қойылымымен түрілді. Ынтымақ пен берекені ұлықтайтын мейрамға арналған кеште алғашқы болып сөз алған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев Оңтүстік жұртын айтулы мерекемен құттықтады.