Cоңғы жаңалықтар
Back

Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында 31  мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг болып өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, қоғамдық ұйым өкілдері, репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, аудан тұрғындары қатысты.

Талдықорғанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 45 жылдығы аталып өтілді. Оқу орнының айтулы датасы шеңберінде биотехнология мәселесінің ғылыми-зерттеу институтының салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.