Back

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінде "жасыл экономика" бағыты бойынша Шығыс Қазақстан облысынан 140 ғылыми жоба ұсынылған болатын. Бүгінде сол маңызды ғылыми жобалардың біразы іске асып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қойылған 105 озық технологияларды өндіріске енгізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы обыс әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды өңірде қолдану мәселелері бойынша өткен жиында мәлім етті.

Төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның технологиялық жаңғыруына негіз болуда. Әсіресе елордамыз Астананы өркендетуде көрме кезіндегі технологияларды пайдалану маңызды болып тұрғаны сөзсіз. Таяуда Астана қаласының мәслихатының кезекті сессиясында қала басшысы Әсет Исекешев ЭКСПО-ның Астананы дамытуға өте пайдалы болғанын атап өтті.

3 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаушылардың рекордтық деңгейге жетіп, бір күнде көрмені көруге келген халықтың саны 75 мың адамды құраған. Дәл осы күні Астанада өткен Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында маңызды гала-концерт өткенін айта кетуіміз керек.

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары  «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын - қарбыздан дәм татқызу.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында астаналық цирк сүйер көрерменге «Оңтүстік-Цирк» мекемесі «Томирис» қойылымын тарту етті. Бұл қойылым еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи – театрландырылған көрініс болып саналады.

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy» екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді.

Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті. Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар»  алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды.

Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.