Back

Коронавирус індеті әлемде бүтін бір салаларды, сонымен қатар компаниялар мен тұтынушылардың мінез-құлқына өзгеріс жасағаны белгілі. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режим мен онлайн-шопингке көшу алдағы уақытта ұзақ мерзімді трендке айналуы мүмкін. Қазір еліміздегі бизнес қысылтаяң шақты басынан өткеруде. Кәсіпкерлер нарықтағы орындарын сақтап қалуы, жаңа бағыттарға бейімделуі және қызметкерлерін қолдауға күш салуда. Нарықтағы өзгерістердің алғышарттарының пайда болғанына біршама уақыт болды, оның трендтерін бизнестегі көшбасшы-әйелдерге арналған Umay Boost оқу жобасына қатысушылары оқу бағдарламасын жан-жақты зерттеп, кәсіпкерлерді өзгермелі жағдайға барынша дайындауға күш салуда. Umay Boost жобасы (сайт http://boost.umay.be/) Қазақстанда Chevron (Шеврон) компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі.

Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Шеврон. Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс. Барлау және өндіру» президенті Джеффри Тодд Леви және «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің жаңа директоры Дж. Балтцтың басшылығымен Chevron компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.