Back

Қазіргі таңда ауыл шаруашлығы тауарларын сырт елдерге экспорттауда Түркістан облысы өзге өңірлерге қарағанда оқ бойы озық түр. Егер статистикалық көрсеткіштерге көз салып қарайтын болсақ, Түркістан облысындағы ауыл еңбеккерлерінің өндірген өнімдер Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан,  Қытай, Түркия, Иран, Латвия, Литва, Эстония және Германияға экспортталатынын байқауға болады.

Тәжікстандағы "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде тоғыз миллионшы тұрғын қыз бала 26 мамырда таңғы сағат 06:30-да, астананың №1 перзентханасында дүниеге келген. Жаңа туған сәбидің салмағы – 3,6 келі, бойы 51 см.

Мақтарал ауданында төл спортымыз – қазақ күресінен дүбірлі дода өтті.  Жыл сайын өтетін Бақытжан Жаңбырбаев атындағы халықаралық ХXІV ашық турнирге Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген балуандармен қатар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген балуандар қатысып, екі күн бойы белдесті.